Өзбекстан Азия чемпионатына мықтыларды апармайды

Сарапшы, спорт журналисі

Құрлықтық дода 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтеді.

Өзбекстан Азия чемпионатына мықтыларды апармайды
zamin.uz

Бұл жолы Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатына өзінің басты жұлдыздарын апармаған. Атап айтқанда, Хасанбой Дусматов, Абдумалик Халоков, Асадхужа Муйдинхужаев, Жавохир Умматалиев, Турабек Хабибуллаев және Жахонгир Закиров ұлттық құрама тізіміне енбеген.

Былтырғы әлем чемпиондарының арасынан өтінімде тек Фазлиддин Эркинбоев ғана бар. Алайда ол бұл турнирде өзіне үйреншікті емес, 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды.

Ерлер құрамасында түрлі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшылар:

  • 50 кг — Асилбек Жалилов
  • 55 кг — Шахзод Музаффаров
  • 60 кг — Абдурахмон Махмуджонов
  • 65 кг — Абдуллох Мадаминов
  • 70 кг — Хавасбек Асадуллаев
  • 75 кг — Жавохир Абдурахимов
  • 80 кг — Фазлиддин Эркинбоев
  • 85 кг — Жасурбек Юлдошев
  • 90 кг — Халимжон Мамасолиев
  • 90+ кг — Арман Маханов

Әйелдер құрамасы да тәжірибелі және жастардан жасақталған:

  • 48 кг — Сабина Бобокулова
  • 51 кг — Гулсевар Ганиева
  • 54 кг — Хуморабону Мамажонова
  • 57 кг — Нигина Уктамова
  • 60 кг — Муштарийбону Мамажонова
  • 65 кг — Феруза Абдуалимова
  • 70 кг — Ойша Тоиров
  • 75 кг — Азиза Зокирова
  • 80 кг — Рухшона Парпиева
  • 80+ кг — Олтиной Сотимбоева

Айта кетейік, бұл құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Екі елдің боксшылары Азия чемпионатында жүлделі орындар үшін талас жүргізеді.