Бокстан Азия чемпионатында ұлттық құрама намысын кімдер қорғайды?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан бокс федерациясы 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына қатысатын ерлер және әйелдер құрамасын ресми түрде жариялады.

Бокстан Азия чемпионатында ұлттық құрама намысын кімдер қорғайды?
instagram/@sabyrkhan_makhmud

Азия чемпионаты 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді. Турнир World Boxing ұйымының құрлықтағы ең мықты боксшылар бас қосатын басты жарыстардың бірі саналады.

Қазақстан бұл сынға тәжірибелі әрі жас таланттардан құралған мықты құраммен аттанады.

Ерлер

Ерлер құрамасында соңғы жылдары халықаралық ареналарда жарқырап жүрген боксшылар бар:

  • 50 кг — Санжар Ташкенбай
  • 55 кг — Махмұд Сабырхан
  • 60 кг — Оразбек Асылқұлов
  • 65 кг — Ертуған Зейнулинов
  • 70 кг — Төрехан Сабырхан
  • 75 кг — Сабыржан Аққалықов
  • 80 кг — Ерасыл Жақпеков
  • 85 кг — Нұрбек Оралбай
  • 90 кг — Сағындық Тоғамбай
  • 90+ кг — Айбек Оралбай

Әйелдер

Әйелдер құрамасы да тәжірибелі боксшылар мен жаңа есімдерден жасақталған:

  • 48 кг — Әйгерім Сәттібаева
  • 51 кг — Жазира Орақбаева
  • 54 кг — Элина Базарова
  • 57 кг — Ұлжан Сарсенбек
  • 60 кг — Римма Волосенко
  • 65 кг — Лаура Есенкелді
  • 70 кг — Бақыт Сейдіш
  • 75 кг — Валентина Хальзова
  • 80 кг — Надежда Рябец
  • 80+ кг — Дина Исламбекова