Қазақстан парадзюдошылары Тбилисиде 7 медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
26.03.2026, 11:59

Оның екеуі алтын, біреуі күміс, төртеуі қола медаль. 

offside.kz

Қазақстан құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде парадзюдодан өткен Әлем кубогында табысты өнер көрсетті. 7 медаль жеңіп алды. Соның арқасында жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

24–25 наурыз күндері өткен турнирде қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленді.

Алтын жүлдегерлер:

  • Ибрагим Нұрмаханұлы (J2, -70 кг)
  • Бексұлтан Күлмырза (J2, -81 кг)

Күміс жүлде:

  • Ерлан Өтепов (J1, +95 кг)

Қола жүлдегерлер:

  • Асылан Нұрдаулетов (J1, -70 кг)
  • Бағланбек Оналбек (J1, +95 кг)
  • Жұрқамырза Шүкірбеков (J2, +95 кг)
  • Даяна Федосова (J2, -60 кг)

Жарыс қорытындысы бойынша үздік құрамалар тізімі мынадай: 

  1. Бразилия — 5 алтын, 3 күміс, 3 қола
  2. Бейтарап спортшылар — 3 алтын, 2 күміс, 1 қола
  3. Қазақстан — 2 алтын, 1 күміс, 4 қола

Айта кетейік, турнирге 24 ел қатысты. 163 спортшы бақ сынады. 

Реклама
Реклама