Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында бесінші медаль еншіледі
17.04.2026, 18:17
Ташкентте таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынды тағы бір жүлдемен толтырды.
olympic.kz
Әділет Шері Қазақстанға бесінші жүлдені әкелді
Алматылық таэквондошы 51 келіге дейінгі салмақта бірнеше мықты қарсыласты жеңе білді. Жарыс барысында ол:
- аргентиналық Тиаго Эррераны – 2:0
- сальвадорлық Диего Эрнесто Эрнандесті – 2:0
- түркиялық Алтуг Геше – 2:0
- ирандық Али Размиянды – 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға дейін жетті.
Алайда шешуші кезеңде тунистік Малек Мокраниге 1:2 есебімен есе жіберіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесі
Осылайша Ташкенттегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль жеңіп алды. Бұған дейін де отандастарымыз жоғары нәтиже көрсеткен еді:
- Айым Серікбаева (44 кг) — алтын медаль
- Ерасыл Ерзат (48 кг) — қола медаль
- Ислам Медетбай (55 кг) — қола медаль
- Әлидар Әбдукәрімов (68 кг) — қола медаль
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама