Қазақстанда туған Манн WBA белбеуі үшін айқаста нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)
17.04.2026, 23:59
Қазақстанда дүниеге келген германиялық боксшы Артур Манн ауыр салмақтағы WBA Continental титулы үшін өткен жекпе-жекте ресейлік Артем Сусленковқа есе жіберді.
74.ru
Кездесу Ресейдің Серпухов қаласында "IBA.PRO 16" бокс кеші аясында өтті. Жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Төреші Манн үшінші мәрте нокдаунға түскеннен кейін айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша Артем Сусленков өзінің чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 30 жастағы ресейлік боксшы үшін бұл кәсіби рингтегі 14-ші жеңіс болды. Оның есебінде қазір 14 жеңіс, 0 жеңіліс бар.
Ал 35 жастағы Артур Манн кәсіби мансабындағы кезекті сәтсіздікке ұшырады. Оның рекорды — 22 жеңіс, 6 жеңіліс.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама