"Олар жарысқа емес, демалысқа келгендей": Назым Қызайбай өзге құрамаларды салыстырды

Сарапшы, спорт журналисі
18.04.2026, 22:13

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласынан кадрлар жариялап, команда ішіндегі тәртіп пен дайындық режимі туралы айтты.

Instagram/@nazym_kyzaibay09

Назым Қызайбай: "Бізде шектеу көп" 

Қазір қазақстандық боксшылар әлем кубогының алғашқы кезеңіне дайындалып жатыр. Турнир алдындағы жиын барысында Назым Қызайбай өзге елдермен салыстырғанда шектеудің көп екенін жасырмады.

Үш дүркін әлем чемпионы әлеуметтік желідегі парақшасында бапкері Толқынжан Кәмековпен бірге қонақүй бассейнінде түскен суретін жариялады. Сондай-ақ оқу-жаттығу жиыны кезіндегі күн тәртібі туралы ашық жазба қалдырды.

Назымның айтуынша, команда Бразилияда шамамен екі аптадан бері жүр. Ол тек жуырда жаттығудан кейін бассейнге барғанын айтты.

Бассейннен кейінгі әсері қандай болды?

Боксшының сөзінше, бастапқыда суық тиіп қалармын немесе су салқын болар деп ойлаған. Дегенмен іс жүзінде су жылы болып шыққан, ал жаттығудан кейін бассейнге түсу денені сергітіп, ерекше жеңілдік сыйлаған.

Осы сәтте Назым өзге құрамалардың спортшыларына назар аударғанын жеткізді. Оның байқауынша, басқа елдердің өкілдері күн сайын суға түсіп, күнге қыздырынып жүреді. Бұл көрініс қазақстандық командадағы қатаң тәртіппен салыстырғанда еркіндеу әсер қалдырған.

Әлем кубогы қашан өтеді?

World Boxing ұйымының Әлем кубогының алғашқы кезеңі Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өтеді. Бұл жарыс Назым Қызайбай үшін 2026 жылғы алғашқы ресми турнир болмақ.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы 6 сәуірден бастап халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Реклама
Реклама