Ризабек Айтмұқан АҚШ-тағы айқаста жеңіліп қалды (ВИДЕО)
19.04.2026, 12:07
Қазақстандық балуан жеңісті уыстан шығарып алды.
olympic.kz
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен RAF 08 турнирінде өнер көрсетіп, титул үшін болған жекпе-жекте жеңіліс тапты.
Жекпе-жек қалай өтті?
Айтмұқан америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен кездесіп, тартысты белдесу өткізді. Қазақстандық балуан алғашқы бөлікте 6:0 есебімен алға шыққанымен, кездесудің соңына қарай басымдықты сақтай алмады.
Қорытынды есеп – 6:12. Осылайша, Кайл Снайдер өзінің чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.
Кайл Снайдер – әлемдік күрестегі ең тәжірибелі спортшылардың бірі:
- 2016 жылғы Олимпиада чемпионы
- 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері
- Төрт дүркін әлем чемпионы (2015, 2017, 2022, 2025)
Жекпе-жектің екінші бөлігінде дәл осы тәжірибе шешуші факторға айналды.
Айтмұқанның жетістіктері
Ризабек Айтмұқан да халықаралық аренада өзін дәлелдеген спортшы:
- 2023 жылғы әлем чемпионы
- Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2023–2025)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама