Әлем кубогы кезеңі: Бүгін шаршы алаңға кім шығады?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:27

Бразилияда өтіп жатқан бәсекеде екі отандасымыз жұдырықтасады. 

SN.kz

Бүгін, 21 сәуір күні Қазақстан құрамасының екі боксшысы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңінде жекпе-жек өткізеді.

Күндізгі сессия: Кенжебек рингке шығады

Астана уақытымен сағат 19:00-де басталатын күндізгі сессияда 55 келіге дейінгі салмақта Бағлан Кенжебек өнер көрсетеді. Ол 1/16 финалда армениялық Жирайр Саргсянмен кездеседі.

Жекпе-жек В рингінде оныншы жұп ретінде жоспарланған.

Түнгі сессия: Базарбайұлының айқасы

Ал 65 келі салмақтағы Мұхамедсабыр Базарбайұлы да 1/16 финал кезеңінде бақ сынайды. Оның қарсыласы – тунистік Хассен Атиа.

Бұл кездесу түнгі сессияда (Астана уақытымен 01:00-де) өтеді және А рингінде сегізінші жұп болып жоспарланған.

Қайдан көруге болады?

Қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жектерді Бразилия бокс конфедерациясы ұйымдастыратын тікелей эфир арқылы көре алады.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан бұл жарысқа 16 боксшымен қатысып жатыр (9 ер, 7 әйел).

Реклама
Реклама