Диас Молжігітов Әлем кубогын нокаутпен бастады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:22

Отандасымыз жапониялық боксшымен қолғап түйістірген болатын. 

Sportnews.kz

 

Қазақстан құрамасының боксшысы Диас Молжігітов Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Молжігітов 1/16 финалда жапониялық Каи Ториябемен кездесті. Жекпе-жек қазақстандық спортшының толық басымдығымен өтті.

Екінші раундта төреші қарсыласына екі рет нокдаун санағаннан кейін, кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты. Осылайша, Диас Молжігітов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Келесі кезеңге жолдама

Бұл жеңістің арқасында қазақстандық боксшы 1/8 финалға жолдама алды. Ал оның қарсыласы турнирмен қоштасты.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өзге де өкілдері сәтті өнер көрсетті:

Жалпы, Әлем кубогына Қазақстан атынан 16 боксшы қатысуда.

Реклама
Реклама