Әлем кубогы кезеңі: Бүгін алты боксшы жекпе-жек өткізеді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:32

Күндізгі сессияда Қазақстан боксының жұлдызы Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады. 

Vesti.kz

22 сәуір күні Қазақстан құрамасының алты боксшысы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңінің 1/8 финалы аясында шаршы алаңға шығады.

Жекпе-жектер кестесі (Қазақстан уақытымен)

Күндізгі сессия:

  • 19:30 — Назым Қызайбай (54 кг) – Виктория Рогалиньска (Польша)
  • 21:00 — Фарух Тоқтасынов (70 кг) – Севон Окадзава (Жапония)

Түнгі сессия:

  • 01:30 — Виктория Графеева (60 кг) – Эмили Рзаева (Әзербайжан)
  • 02:00 — Наталья Богданова (70 кг) – Бусеназ Сюрменели (Түркия)
  • 03:15 — Даниял Сәбит (50 кг) – Иштван Сака (Венгрия)
  • 04:15 — Диас Молжігітов (80 кг) – Марлон Севехон (Австралия)

Қайдан көруге болады?

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы World Boxing платформалары мен серіктес арналар арқылы көрсетіледі.

Айта кетейік, Әлем кубогының бұл кезеңіне Қазақстан атынан 16 боксшы (9 ер, 7 әйел) қатысуда. Команда турнирді сәтті бастап, бірнеше спортшы келесі кезеңге жолдама алды.

Реклама
Реклама