Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Әлем кубогын жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Бүгін, 07:59
Қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегінде тунистік спортшымен шеберлік байқасты.
NUR.KZ
Қазақстан құрамасының өкілі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы 1/16 финалда тунистік Хассен Атиамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Базарбайұлының пайдасына аяқталды.
Қазақстан құрамасының құрамы
Айта кетейік, Әлем кубогына Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысуда. Команда сапында:
- Даниял Сәбит (50 кг)
- Бағлан Кенжебек (55 кг)
- Жансері Көшербаев (60 кг)
- Мұхамедсабыр Базарбайұлы (65 кг)
- Фарух Тоқтасынов (70 кг)
- Санжарәлі Бегалиев (75 кг)
- Диас Молжігітов (80 кг)
- Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг)
- Дәулет Төлепісов (90 кг)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама