Назым Қызайбай Бразилиядағы әлем кубогында сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі
22.04.2026, 20:16

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Назым Қызайбай World Boxing аясындағы Бразилиядағы әлем кубогы кезеңін ерте аяқтады.

olympic.kz

Тосын нәтиже тіркелді

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әуесқой бокс бойынша World Boxing ұйымының әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Дүбірлі додада Қазақстан әйелдер құрамасының тәжірибелі өкілі Назым Қызайбай шаршы алаңға шығып, 54 келіге дейінгі салмақта кезекті жекпе-жегін өткізді.

Қазақстандық боксшының 1/8 финалдағы қарсыласы польшалық Виктория Рогалиньска болды.

Қызайбай алғашқы раундта өте белсенді қимылдап, бастаманы бірден өз қолына алды. Қарсыласынан ширақ көрініп, соққыларды дәл бағыттай білді. Нәтижесінде бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі оны жоғары бағалап, есеп 4:1 болып тіркелді.

Бірақ екінші раундта жағдай күрт өзгерді. Бес төрешінің бәрі артықшылықты польшалыққа берді. Шешуші раундта Назым кездесудің бағытын өз пайдасына бұра алмады. Қорытындысында төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы 1:4 есебімен жеңіліп қалды. 

Назым Қызайбайдың жетістіктері

Назым Қызайбай — Қазақстан боксының ең атақты өкілдерінің бірі. Ол:

  • 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері
  • Үш дүркін әлем чемпионы
  • 2021 жылғы Азия чемпионы
  • 2025 жылы Астанадағы әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы
Реклама
Реклама