Балауса Мұздыман абсолютті әлем чемпионы атағына көз тікті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:31

Жуырда қазақстандық боксшы Лас-Вегастағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылады. 

Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жаттығу лагерінен кейін үлкен мақсат қойғанын мәлімдеді. Спортшы енді абсолютті әлем чемпионы атануды көздеп отыр.

Лас-Вегастағы дайындық

Балауса Мұздыман наурыз айының ортасында жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов және қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровпен бірге АҚШ-қа аттанған еді. Олар әлемге әйгілі Top Rank және ағайынды Варгас залдарында дайындық өткізді.

Жаттығу барысында қазақстандық боксшы бірнеше спарринг өткізіп, тәжірибесін арттырды.

"Абсолют чемпион болғым келеді"

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бұл лагерьдің маңызын ерекше атап өтті:

"Бұл өте нәтижелі дайындық болды. Мен әр күнімде табысқа жету жолын таңдаймын. Абсолют чемпион болуға ұмтыламын. Мен өзіме сенемін". 

Балауса өз жазбасында жаттықтырушысы мен менеджеріне алғыс білдіріп, олардың қолдауы мансабында маңызды рөл атқаратынын айтты. Сонымен қатар, спаррингтегі әріптестеріне де ризашылығын жеткізді.

Реклама
Реклама