Сұлтанбек Айбарұлы қарсыласын тоқтатып, Қазақстанға жүлде сыйлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
24.04.2026, 23:35

Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымының әлем кубогы кезеңі жалғасып жатыр. Турнирдің бесінші жарыс күнінде Сұлтанбек Айбарұлы рингке көтерілді.

Vesti.kz

Италиялық мықты қарсыласпен кездесті

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы ширек финалда итальяндық Паоло Карусомен жұдырықтасты. Жекпе-жек үш раундқа созылды.

Айбарұлы кездесу барысында қарсыласына қарағанда жинақы әрі дәл қимылдады. Ол шабуылдарын нәтижелі аяқтап, төрешілер назарын өзіне аударта алды. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Қола медаль қалтада

Осы жеңістен кейін Сұлтанбек Айбарұлы жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Сонымен қатар Қазақстан қоржынына кемінде қола медаль салды. 

Айта кетейік, World Boxing ұйымдастырып жатқан бокстан әлем кубогының алғашқы кезеңі 26 сәуірге дейін жалғасады. Додаға 50 елден 400-ден астам спортшы қатысуда.

Реклама
Реклама