Қазақстандық бокс шебері Еуропадағы жекпе-жегін жариялады
Айтулы айқас 1 мамыр күні өтеді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Теміров (10-0, 7 КО) Германияда өтетін жекпе-жегін ресми түрде жариялады.
Қашан және қайда өтеді?
Теміров 1 мамыр күні Германияның Гамбург қаласында рингке шығады. Оның қарсыласы – венесуэлалық тәжірибелі боксшы Карлос Риверо (32-12-1, 21 КО).
"Қазір соңғы жаттығуымды жасап жатырмын, бүгін түнде Германияға ұшамын. Бұл жекпе-жек туралы бұрын жарияламадым, себебі кейбір мәселелер болды. Қазір бәрі реттелді. 1 мамыр күні 11-ші жекпе-жегімді өткіземін", – деді Теміров.
Айта кетейік, Виктор Теміров соңғы рет ақпан айында рингке шықты. Ол кезде неміс боксшысы Доменик Арнольдты техникалық нокаутпен жеңіп, WBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған еді.
Қарсылас туралы
Карлос Риверо – тәжірибелі боксшы. Оның рекорды – 32 жеңіс, 12 жеңіліс және 1 тең нәтиже.