Сәкен Бибосыновты жеңіліп көрмеген қарсылас күтіп тұр

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:58

Қазақстандық боксшының кезекті титулдық кездесуі қашан өтетіні ресми түрде нақтыланды. 

Instagram/@sakenbibosinov

WBA Asia белбеуі үшін жұдырықтасады

Кәсіпқой бокста әзірге жеңіліп көрмеген Сәкен Бибосынов WBA Asia ұйымының вакантты белбеуі үшін индонезиялық Сурия Дхармамен кездеседі.

Жекпе-жек Бішкекте "Газпром" спорт кешенінде өтеді. Бұл айқас Бибосынов үшін кәсіпқой рингтегі алғашқы титулдық мүмкіндік болмақ.

Жекпе-жек неге кейінге шегерілді?

Бастапқыда Бибосынов пен Дхарма арасындағы кездесу 17 сәуірге жоспарланды. Бірақ кейін ұйымдастырушылар айқастың белгіленген мерзімде өтпейтінін хабарлады.

Жекпе-жектің кейінге қалуына Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты туындаған қауіпсіздік мәселелері себеп болған. Сонымен қатар Жапония үкіметі Қырғызстанға және бірқатар Таяу Шығыс елдеріне сапарлауға қатысты ескерту деңгейін көтергені айтылды.

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокста қалай өнер көрсетіп жүр?

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокста әзірге екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Оның қазіргі рекорды — 2 жеңіс, 0 жеңіліс, 1 нокаут.

20 шілде 2025 жылы Бішкекте өткен бокс кешінде филиппинлік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Ал 26 қазанда Қырғызстан астанасында жергілікті боксшы Адилет Качкынбековтен төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті.

Қарсыласы кім?

Сәкен Бибосыновтың қарсыласы — Индонезия боксшысы Сурия Дхарма. Ол да кәсіпқой рингте жеңіліс көрмеген спортшы. Дхарманың көрсеткіші — 4 жеңіс, 0 жеңіліс, 3 нокаут.

Реклама
Реклама