"Бокспен айналыса берген дұрыс": Махмұд Сабырхан Сметовтың әдісіне түсіп қалды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
01.05.2026, 22:05

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовпен татамиде күш сынасты. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Сметов Сабырханға әсерлі әдіс жасады

Махмұд Сабырхан Instagram парақшасында Елдос Сметовпен татамидегі шағын белдесуінен видео жариялады. Бейнежазбада дзюдошы боксшыға әдемі әдіс жасап, оны кілемге алып түседі.

Сметов қолданған әдіс дзюдо мен самбода "о-сото-гари", яғни артқы аяқтан шалу әдісі ретінде белгілі. Өз саласында талай биікті бағындырған Сабырхан бұл жолы өзіне үйреншікті емес спорт түрінде Олимпиада чемпионына лайық қарсылық көрсете алмады.

"Бокспен әрі қарай айналыса берген дұрыс екен", — деп жазды Сабырхан әзіл аралас пікір қалдырып.

Елдос жарысқа қашан оралады?

Париж Олимпиадасынан кейін Елдос Сметов ресми жарыстарға қатысқан жоқ. Олимпиада чемпионы мансабында үзіліс алып, жарақаттарынан қалпына келуге уақыт бөлді.

Дзюдошы толыққанды жаттығу процесіне 2025 жылдың желтоқсанында қайта оралған.

Реклама
Реклама