"Камил Карате" өзбек файтерін тізе бүктірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 01:57

Тәжікстандық аралас жекпе-жек шебері Камариддин Хасанов Octagon 86 турнирінде жеңіске жетті.

instagram/@kamilkarate

Үш раунд жұдырықтасты

Ташкентте өткен Octagon 86 турнирінде Камариддин Хасанов өзбекстандық Огабек "Сатурн" Абдумуминовпен кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Айқас толық уақытқа созылып, жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды.

Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Камариддин Хасановты жеңімпаз деп таныды.

Абдумуминов алғаш рет жеңілді

Бұл нәтиже Огабек Абдумуминов үшін кәсіби ММА-дағы алғашқы жеңіліс болды. Бұған дейін ол жеңіліп көрмеген файтер ретінде октагонға шыққан. 

Ал Камариддин Хасанов кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Айта кетейік, бұл Хасановтың 2026 жылғы екінші жекпе-жегі болды. Ақпан айында ол өзбекстандық Жасурбек Жураевты екінші раундта сабмишн әдісімен тізе бүктірді. 

Реклама
Реклама