Қазақстандық балуан Еламан Амангелді Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
Жарнама
Жарнама
Еркін күрес балуаны Вьетнамда жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Үндістандық балуанға есе жіберді
Былтырғы құрлық біріншілігінің қола жүлдегері бұл жолы финалға дейін жетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль салды.
Еламан Амангелді шешуші белдесуде үндістандық Акшай Дхеремен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық балуан қарсыласына 2:4 есебімен жол берді.
Еркін күрес балуандарының алғашқы медалі
Амангелдінің күміс жүлдесі — Қазақстанның еркін күрес құрамасы үшін осы континенттік додадағы алғашқы медаль болды.

Еламан Амангелді ширек финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Юхьёнг Лиді 3:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда моңғолиялық Лювсандагва Ерденедавааны 4:1 есебімен ұтты.
Жарнама
Жарнама