Бокстан Өзбекстан құрамасы Қытайдағы әлем кубогына жұлдызды құраммен барады

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 17:27

15 маусымда Қытайдың Гуян қаласында World Boxing ұйымының аясында әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді.

sportilinet.kz

Өзбекстан Қытайға негізгі құрамын апарады

Сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен ірі халықаралық жарыста өзбекстандық боксшылар үш медаль жеңіп алған. Оның екеуі алтын, біреуі қола болды.

Ал Гуяндағы әлем кубогы кезеңіне Өзбекстан бокс федерациясы әлдеқайда тәжірибелі әрі титулды боксшыларын қосуды жөн көрген. Ерлер құрамасында Олимпиада чемпионы, сондай-ақ 2025 жылғы әлем чемпиондары бар.

Ерлер құрамасы

  • 50 келі: Асилбек Жалилов
  • 55 келі: Самандар Олимов
  • 60 келі: Абдумалик Халоков
  • 65 келі: Миркомил Саитохунов
  • 70 келі: Шавкатжон Болтаев
  • 75 келі: Жавохир Абдурахимов
  • 80 келі: Жавохир Умматалиев
  • 85 келі: Акмалжон Исроилов
  • 90 келі: Турабек Хабибуллаев
  • 90 келіден жоғары: Арман Маханов

Айта кетейік, Арман Маханов — этникалық қазақ. Ол 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.

Әйелдер құрамасы

  • 48 келі: Фарзона Фозилова
  • 51 келі: Феруза Казакова
  • 54 келі: Азиза Ёкубова
  • 57 келі: Нигина Уктамова
  • 60 келі: Ситора Турдибекова
  • 70 келі: Райхона Курбонбоева
  • 75 келі: Азиза Зокирова
  • 80 келі: Рухшона Парпиева
  • 80 келіден жоғары: Олтиной Сотимбоева

Олимпиада чемпионы мен әлем чемпиондары бар

Өзбекстанның ерлер құрамасында 60 келіде сынға түсетін Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков бар. Сонымен қатар команда сапына 2025 жылғы әлем чемпиондары Жавохир Умматалиев, Акмалжон Исроилов және Турабек Хабибуллаев енгізілген.

Қазір Қазақстан құрамасының Гуяндағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын боксшылары ресми түрде жарияланған жоқ. Қытайдағы турнир 15 маусымда басталып, 21 маусымға дейін жалғасады.
 

Реклама
Реклама