Геннадий Головкин АҚШ-тағы жанкүйерлерімен жүздесті

Спорт шолушысы
13.06.2026, 14:11

Отандасымыз Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде енуіне байланысты жуырда Америкаға аттанған болатын. 

Offside.kz

Қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде енуіне арналған іс-шаралар аясында жанкүйерлермен кездесті. Салтанатты шаралар АҚШ-тың Канастота қаласында өтіп жатыр.

World Boxing президенті Геннадий Головкин АҚШ-қа барып, бокс жанкүйерлерімен жүздесті. Кездесу барысында көпшілік әйгілі қазақстандық былғары қолғап шеберінен қолтаңба алып, онымен естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

Головкин Қазақстан тарихында ерекше мәртебеге ие болады

Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына енгізілетіні туралы ақпарат өткен жылы белгілі болған еді. Осылайша GGG бұл мәртебеге ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі атанбақ.

Бұл оқиға қазақстандық бокс үшін тарихи сәт саналады. Себебі Халықаралық бокс даңқы залына әлемдік деңгейде айрықша із қалдырған спортшылар ғана енгізіледі.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы мансабын ресми түрде аяқтағанын жариялаған жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2022 жылы Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткен болатын. Содан бері Головкин рингке шыққан жоқ. Дегенмен ол спорттан толық алыстаған емес. Қазір қазақстандық боксшы World Boxing ұйымының президенті ретінде халықаралық бокстың дамуына үлес қосып жүр.

Реклама
Реклама