Қуат Хамитов Арман Царукянға ескерту жасады

Бас редактор
14.06.2026, 15:59

Жуырда Арман Царукян америкалық Тони Фергюсонды жеңген болатын. 

sportilinet.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов америкалық Тони Фергюсонды жеңген Арман Царукянға қатысты мәлімдеме жасады.

Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында қарсыласын жеңісімен құттықтап, алдағы жекпе-жекке де ишара жасады.

"Арманды жеңісімен құттықтаймын! Бірақ мен Тони Фергюсон да, Пуллас та емеспін. Мен басқа деңгейдегі жыртқышпын!" – деп жазды қазақстандық спортшы.

Скриншот

Қуат Хамитов пен Арман Царукян жекпе-жегі

Еске сала кетейік, Қуат Хамитов пен Арман Царукян RAF (Real American Freestyle) ұйымының турнирінде күш сынасады. Кездесу 11 шілде күні Грузия астанасы Тбилисиде өтеді.

Бұған дейін АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен RAF 10 турнирінде Царукян UFC-дің бұрынғы жұлдызы Тони Фергюсонмен белдескен еді. Жекпе-жек армян файтерінің айқын басымдығымен өтіп, екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.

Айта кетейік, бұл Царукянның RAF ұйымындағы жетінші кездесуі болды. Ал Фергюсон үшін аталған промоушендегі алғашқы белдесу еді.

Реклама
Реклама