Қазақстандық боксшылардың Әлем кубогы кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Футбол шолушысы
14.06.2026, 17:17

Жарыс Қытайдың Гуйян қаласында 15 маусым күні басталады. 

Vesti.kz

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңіне жеребе тартылды. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының бірқатар өкілі жарысты 1/8 финалдан бастаса, кейбір боксшылар бірден ширек финалға шықты.

Қазақстан боксшыларының жеребесі

Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасының ерлер арасындағы өкілдері мына қарсыластармен кездеседі:

15 маусым

  • 75 келі. 1/8 финал Наталья Богданова vs Бао Зийи (Қытай)
  • +80 келі. 1/4 финал Дина Исламбекова vs Клиона Дарси (Ирландия)
  • 60 келі. 1/16 финал. Серік Теміржанов vs Денис Брил (Германия)
  • 80 келі. 1/16 финал Сабыржан Аққалықов vs Ван Сяобао (Қытай)
  • 90 келі. 1/8 финал Нұрбек Оралбай vs Ким Гичэ (Оңтүстік Корея)
  • +90+ келі. 1/8 финал. Айбек Оралбай vs Ннажаи Врайт (АҚШ)

16 маусым

  • 70 келі. 1/8 финал Лаура Есенкелді vs Дуниа Мартинес Мас (Испания)
  • 55 келі. 1/16 финал Тимур Қабдешов vs Келви Триндаде (Бразилия)
  • 65 келі. 1/16 финал Санатәлі Төлтаев vs Малик Хасанов (Әзербайжан)
  • 75 келі. 1/8 финал Тимур Нұрсейітов vs Тадг Одоннелл (Ирландия)
  • 54 келі. 1/8 финал Назым Қызайбай vs Им Аежи (Оңтүстік Корея)

17 маусым

  • 70 келі. 1/8 финал Абылайхан Жүсіпов vs Каиан Рейс (Бразилия)

18 маусым

  • 51 келі. 1/8 финал Алуа Балқыбекова Венесуэла-Таиланд жұбының жеңімпазымен кездеседі

19 маусым

  • 60 келі. Виктория Графеева 1/4 финалда Канада-Оңтүстік Корея жккпе жегінің үздігімен жұдырықтасады
  • 65 келі. Аида Әбікеева ширек финалда Моңғолия-АҚШ жұбының жеңімпазымен кездеседі
  • 50 келі. 1/4 финал Санжар Тәшкенбайдің қарсыласы Гонконг-Қырғызстан жекпе жегінде анықталады

Айта кетейік, ерлер арасындағы жекпе-жектер 15 маусымда басталады. 

Реклама
Реклама