Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде 18 медаль еншіледі

Спорт шолушысы
23.06.2026, 10:45

Астана қаласында өтіп жатқан Altaic Cup халықаралық таеквондо турнирінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 18 медаль жеңіп алды.

Olympic.kz

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық таеквондошылар 4 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль иеленді.

  • Алтын жүлдені Самирхон Абабакиров (63 келіге дейін), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Айша Әділбекқызы (62 келіге дейін) және Назым Махмұтова (73 келіге дейін) жеңіп алды.
  • Күміс медаль иегерлері қатарында Тамирлан Тілеулес, Мақсат Орынбасар, Айдана Құмартаева, Нұрай Бауыржанова, Нодира Ахмедова және Аяулым Асқар бар.
  • Қола жүлдені Баходир Шапулатов, Мерген Ғаниев, Бауыржан Хасенов, Нұрайым Жұмабек, Айдана Сүндетбай, Аружан Найманбаева, Нұрлы Кеңесбек және Ақсәуле Ерқасымова иеленді.

Бүгін 23 маусымда турнир аясында жастар құрамалары арасындағы жарыстар өтеді. Altaic Cup Алтай өңіріндегі елдер арасындағы алғашқы ірі халықаралық жарыстардың бірі саналады.

Реклама
Реклама