Қазақстан Орталық Азияда алғашқы UFC турнирін өткізу мүмкіндігінен айырылды
Ааралас жекпе-жек әлеміндегі ең ірі промоушеннің елде жарыс өткізу жобасы соңғы кезеңде тоқтап қалды.
UFC турнирі Қазақстанда өтуі мүмкін еді
Дереккөз мәліметінше, UFC-дің Қазақстандағы алғашқы турнирін ұйымдастыру мәселесі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі деңгейінде талқыланған.
Промоушен өкілдері қазақстандық тараппен турнирге қатысты негізгі шарттарды, ұйымдастыру шығындарын және басқа да маңызды мәселелерді келісіп қойған. Дегенмен тараптар келісімшартқа қол қою кезеңіне жетпеген.
Осылайша Қазақстан UFC турнирін өткізетін Орталық Азиядағы алғашқы ел атану мүмкіндігінен айырылып қалуы ықтимал.
UFC Өзбекстанға назар аударды
21 маусым күні UFC-дің Орталық Азиядағы алғашқы турнирі Өзбекстанда өтуі мүмкін екені белгілі болды.
UFC басшысы Дана Уайт АҚШ-та Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары Отабек Умаровпен кездесу өткізген. Тараптар Өзбекстан аумағында UFC турнирін және Zuffa Boxing бокс кешін ұйымдастыру мүмкіндігін талқылаған.
Егер келіссөздер сәтті аяқталса, Өзбекстан Орталық Азияда UFC турнирін қабылдаған алғашқы мемлекет атануы мүмкін.