Жарнама
Жарнама

Қазақ әлем чемпионатында өзбек балуанын жеңді

Еркін күрес шебері Нұрасыл Асамбек Братиславада 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Қазақ әлем чемпионатында өзбек балуанын жеңді
sportarena.kz

Қола үшін белдесуде өзбек балуанын жеңді

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық балуан үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде өзбекстандық Ұлықбек Рашидовпен кездесті.

Нұрасыл айқын басымдық танытып, белдесуді 13:6 есебімен өз пайдасына аяқтады. Осы жеңістің арқасында жастар арасындағы әлем чемпионатының қола медалін иеленді.

Турнирді сәтті бастаған

Асамбек әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде украиналық Аббас Хусейновты 4:2 есебімен жеңді.

Одан кейін 1/8 финалда франциялық Гаспар Чейноксты 11:0 есебімен ойсырата ұтып, ширек финалға жолдама алды. Бірақ онда америкалық Изе Кортезге 0:6 есебімен есе жіберді.

Нұрасылдың америкалық қарсыласы финалға шыққаннан кейін оған жұбаныш белдесулерінде күресін жалғастыру мүмкіндігі берілді. Бұл кезеңде Асамбек қытайлық Ченгтао Вангты 10:5 есебімен жеңіп, қола медаль үшін таласу құқығына ие болды.

Еске салайық, U20 әлем чемпионаты 16-23 тамыз аралығында Братиславада өтіп жатыр.

Бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекасыл Асамбек күміс медаль жеңіп алған еді.

Жарнама
Жарнама