Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Бұл өте әділетсіз болды" : Әлімханұлының қарсыласы тосын мәлімдеме жасады

Даниялық боксшы Якоб Банк (20-0, 11 КО) Жәнібек Әлімханұлымен алдағы жекпе-жегі және Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) шешімдері туралы пікір білдірді.

"Бұл өте әділетсіз болды" : Әлімханұлының қарсыласы тосын мәлімдеме жасады
Ring Magazine

Банктің айтуынша, командасы WBO-мен жұмыс істеуден бас тартып, WBC бағытына ауысуды жоспарлаған. 

"Мен WBO рейтингінде шамамен бір жыл бойы титулға үміткерлер қатарында болып, екінші орында тұрмын. Жекпе-жекке дайын болдым. Ал Хамза сол уақытта рейтингтегі үшінші және бесінші орындардағы боксшылармен жұдырықтасты. Сондықтан осындай қағидалармен жұмыс істейтін болса, әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізе алатыныма күмәндана бастадым. Бұл өте әділетсіз, спортқа жат әрекет болды.

Шын мәнінде, олардың шешімдеріне байланысты біз WBO-дан толықтай бас тартып, WBC-ге ауысу туралы шешім қабылдаған едік. Бірақ кейін Жәнібекпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі пайда болды. Әрине, мен бұл мүмкіндікті пайдаланамын. Мен әлем чемпионы атанғым келеді және бұл мақсатқа жетудің оңай жолы бар деп ойламаймын. Жәнібек болсын немесе басқа біреу бола ма әлем чемпионы атану кез келген баланың ең үлкен арманы", — деді Банк.

Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк бос қалған WBO әлем чемпионы атағы үшін рингке шығады. Жекпе-жектің нақты өтетін күні мен орны әзірге жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?