Жәнібек Әлімханұлының алдағы айқасы Еуропада өтуі мүмкін
Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк бос қалған WBO әлем чемпионы атағы үшін рингке шығуы керек.
Қазақстандық кәсіпқой боксш Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) келесі жекпе-жегін Еуропада өткізу ықтималдығы артты.
Даниялық боксшы Якоб Банктің (20-0, 11 КО) промоутері Каспер Хольгерсен қазақстандық чемпионмен титулдық кездесуді Данияда ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Хольгерсеннің айтуынша, келіссөздер әлі жалғасып жатыр және жекпе-жектің нақты өтетін орны әзірге бекітілмеген.
"Бұл жекпе-жекті Данияда өткізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге қай жерде өтетініне кепілдік бере алмаймын. Бірақ ішкі түйсігім жақсы, бұл жоспарды жүзеге асыра алатынымызға сене бастадым", – деді промоутер.
WBO белбеуі сарапқа салынады
Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк WBO нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы бос әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
Қазіргі уақытта жекпе-жектің нақты күні мен аренасы жарияланған жоқ.