Жарнама
Жарнама

Қазақстандық файтер Артем Тарасовқа қарсы шығады

Айқас 19 қыркүйекте Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.

Қазақстандық файтер Артем Тарасовқа қарсы шығады
metaratings.ru

Naiza лигасы  қазақстандық файтер Нұрхан Мүбаракпен пен ресейлік танымал блогер әрі поп-ММА өкілі Артем Тарасовтың Алматыда өтетін жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Айқас 19 қыркүйекте Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.

Жекпе-жек келісілген салмақта өтеді

Промоушен мәліметінше, кездесу келісілген салмақ дәрежесінде өтеді. Нұрхан Мүбарак үшін бұл Naiza лигасындағы дебют болмақ. Оның жалаң жұдырықтағы көрсеткіші – 2 жеңіс және 1 жеңіліс.

Naiza баспасөз қызметі Артем Тарасовтың мансабындағы статистикаға да назар аударды.

"Артем Тарасов – таныстыруды қажет етпейтін есім. Кәсіпқой мансабындағы 17 жеңістің 14-ін сабмишн арқылы алды. Оның бірде-бір жеңісі төрешілер шешіміне дейін жеткен жоқ", – делінген лига хабарламасында.

Промоушен бұл кездесудің де мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін екенін меңзеді.

Нұрхан Мүбарак дебютте сенсация жасай ала ма?

Naiza өкілдері алдағы жекпе-жекті тәжірибелі Тарасов пен лигадағы алғашқы кездесуін өткізетін қазақстандық файтердің текетіресі ретінде таныстырды.

"Бұл жекпе-жекте не күтеміз: Тарасовтың кезекті финиші ме, әлде жаңа жұлдыздың жарқ еткен жеңісі ме?" – деп жазды промоушен.

Айта кетейік, Naiza 85 кешінің негізгі оқиғасында Жансерік Жақсығұлұлы мен Мири Садыгов кездеседі.

Жарнама
Жарнама