Жеңілмеген қырғызстандық файтер чемпиондық белбеуін қорғады

Жарнама
Жарнама

Раджабали Шайдуллаев Жапонияның Осака қаласындағы Super RIZIN 5 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Эй Джей Маккиді жеңді.

Жеңілмеген қырғызстандық файтер чемпиондық белбеуін қорғады
instagram/@rajabali__shaidullaev

Шайдуллаев пен Макки чемпиондық белбеулер үшін айқасты

Жартылай жеңіл салмақта өткен кездесу үш раундқа есептелді. Бұл жекпе-жекте Шайдуллаевқа тиесілі RIZIN & PFL чемпиондық белбеулері сарапқа салынды.

Тартысты айқас толық үш раундқа созылып, қорытындысында төрешілер бірауыздан қырғызстандықтың жеңісін тіркеді. Осылайша Раджабали Шайдуллаев кәсіби ММА-дағы жеңіліссіз сериясын жалғастырып, мансабындағы 19-жеңісіне жетті. 

Ал Эй Джей Макки мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Оның ендігі көрсеткіші – 25 жеңіс және 3 жеңіліс.

Макки Саламат Исбулаевты жеңген

Айта кетейік, Эй Джей Макки бұған дейін қазақстандық файтер Саламат Исбулаевпен кездескен. Сол жекпе-жекте америкалық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Ал Исбулаев кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Қазір Саламат Исбулаевтың көрсеткіші – 10 жеңіс және 1 жеңіліс.

Жарнама
Жарнама