Қазақстандық таэквондошылар Азиада "алтыны" үшін $125 мың сыйақы алады
Қазақстан таэквондо федерациясы халықаралық ірі жарыстарда жүлде алған балуандар мен олардың жеке бапкерлеріне төленетін сыйақы көлемін жариялады.
Азиада чемпионына – 125 мың доллар
Қазақстан таэквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықов алдағы маңызды жарыстар қарсаңында балуандарға берілетін қаржылай сыйақылар туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, ересектер арасындағы әлем чемпионаты мен Азия ойындарында бірінші орын алғанға 125 мың доллар, ал оның жеке жаттықтырушысы 50 мың доллар беріледі.
Күміс медаль үшін 10 мың, бапкерге 5 мың доллар төленсе, қола жүлдегерге 5 мың, оның жаттықтырушысына 2,5 мың доллар беріледі.
Олимпиада чемпионына да қомақты сыйақы
Федерация ең ірі сыйақыны Олимпиада ойындары үшін белгілеген.
Олимпиада ойындарындағы сыйақы:
Алтын медаль $250 000 (балуанға) $100 000 (жаттықтырушыға)
Күміс медаль $50 000 (балуанға) $20 000 (жаттықтырушыға)
Қола медаль $20 000 (балуанға) $10 000 (жаттықтырушыға)
Осылайша Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық таэквондошы федерациядан 250 мың доллар көлемінде сыйақы ала алады.
Әлем чемпионаты мен Азия ойындарына бірдей сыйақы
Ересектер арасындағы әлем чемпионаты және Азия ойындары үшін төлем мөлшері мынадай:
1-орын: балуанға – $125 000, жаттықтырушыға – $50 000;
2-орын: балуанға – $10 000, жаттықтырушыға – $5 000;
3-орын:балуанға – $5 000, жаттықтырушыға – $2 500.
Бұл сома федерация тарапынан тағайындалатын сыйақы ретінде көрсетілген.
Азия чемпиондары да қомақты сыйақы алады
Ересектер арасындағы Азия чемпионатында да жүлдеге іліккен таеквондошылар қаржылай марапатқа ие болады.
Алтын медаль алған таэквондошыға 50 мың доллар, оның жаттықтырушысына 15 мың доллар беріледі. Күміс жүлдегерге 5 мың, бапкерге 2,5 мың доллар, ал қола медаль үшін тиісінше 3 мың және 1,5 мың доллар қарастырылған.
Айта кетейік, Азия ойындарының алтын медалі үшін Қазақстанда мемлекет тарапынан төленетін сыйақы көлемін 50 мың долларға дейін ұлғайту жоспарланғаны бұған дейін айтылған.