Жұман Жұмабеков қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық ММА файтері Алматыдағы Naiza 85 турнирінде кезекті жарқын жеңісіне жетті.
Жұмабеков жеңіл салмақта үндістандық Ажармен кездесті. Үш раундқа жоспарланған айқас ұзаққа созылған жоқ. Қазақстандық файтер қарсыласын алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осы нәтижеден кейін Жұман Жұмабековтің кәсіби ММА-дағы рекорды 18 жеңіс пен 8 жеңіліске жетті. Ал Ажар мансабында жетінші рет жеңіліс тапты.
Қазақстандық файтердің жеңісті сериясы бес жекпе-жекке дейін ұзарды. Жұмабеков соңғы рет 2024 жылдың ақпанында бразилиялық Вандерлей Жуниорға есе жіберген.
Жарнама
Жарнама