ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

UFC-ден кеткен Азат Мақсұм жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Алматыдағы Naiza 85 турнирінде ирандық Али Юсефиді мерзімінен бұрын жеңді.

UFC-ден кеткен Азат Мақсұм жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
instagram/@aza.maksum

Екінші раундтағы жеңіс

Жеңіл салмақта ұйымдастырылған жекпе-жек үш раундқа жоспарланды. Бірақ қазақстандық файтер кездесуді соңына дейін жеткізбей, екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен тоқтатты.

Бұл Азат Мақсұмның UFC ұйымынан кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды. 

Жаңартылған рекорд

Осы жеңістен кейін Азат Мақсұмның кәсіби ММА-дағы көрсеткіші 16 жеңіс пен 3 жеңіліске жетті. Ал Али Юсефи мансабындағы 17-жеңілісіне ұшырады. Ирандық спортшының еншісінде 16 жеңіс және бір тең нәтиже бар.

Айта кетейік, Мақсұм UFC-дегі соңғы кездесуін былтыр қазан айында өткізген. Ол америкалық Митч Рапосоға төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есе жіберген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?