ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Файтер Азиада чемпионы атанып, Қазақстанды жалпы есепте үшінші орынға шығарды
Спортты дамыту дирекциясы

Файтер Азиада чемпионы атанып, Қазақстанды жалпы есепте үшінші орынға шығарды

Қазақстандық ММА шебері Қадырбек Шынбаев Жапонияда Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Финалда Тәжікстан файтерін жеңді

Айти мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің чемпионы анықталды. Финалда Қадырбек Шынбаев тәжікстандық Бехруз Хуршедзадамен кездесті.

Қазақстандық файтер шешуші жекпе-жекті сенімді бастады. Шынбаев бірінші раундты 2:0 есебімен өз пайдасына аяқтаса, екінші кезеңде де 1:0 нәтижесімен басым түсті. Осылайша Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль салды.

Қазақстан алтын медаль саны бойынша алға шықты

Шынбаевтың жеңісінен кейін Қазақстан құрамасының Жапониядағы Азия ойындарында жеңіп алған алтын жүлделерінің саны алтыға жетті. Қазір ұлттық құраманың еншісінде: 6 алтын, 1 күміс және 5 қола – барлығы 12 медаль.

Осы нәтиженің арқасында Қазақстан онлайн медаль кестесінде Оңтүстік Кореяны басып озып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға көтерілді.

Қадырбек Шынбаев финалға дейін өзбекстандық Нодирбек Шавкатовты жеңген болатын.

Бұған дейін Еркінғали Бүркіталин де Азия ойындарында аралас жекпе-жектен чемпион атанған еді. Ол Қазақстан тарихында ММА бағдарламасы бойынша Азия ойындарының алтынын жеңіп алған алғашқы файтер болды.

Қадырбек Шынбаевтың жеңісінен кейін Қазақстан құрамасының ММА-дан еншілеген алтын жүлделерінің саны екіге жетті.

Жарнама
Жарнама