ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында чемпиондық атағын қорғай алмады

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Жапониядағы  Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында чемпиондық атағын қорғай алмады
Спортты дамыту дирекциясы

Қола үшін айқаста қарсыласын 10:1 есебімен жеңді

Айти мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында каратэден 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Әжіқанов үшінші орын үшін өткен кездесуде филиппиндік Батиканмен шеберлік байқасты. Отандасымыз жекпе-жектің басынан-ақ басымдықты өз қолына алып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Осылайша Әжіқанов 10:1 есебімен сенімді жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола медалін иеленді.

Ханчжоуда чемпион болған

Нұрқанат Әжіқанов – әлем чемпионатының жүлдегері және Азияның үш дүркін чемпионы.

Ол бұған дейін 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында өз салмақ дәрежесінде чемпион атанып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған. Бірақ Жапониядағы жарыста қазақстандыққа чемпиондық атағын қорғау бұйырмады. Соған қарамастан жүлде үшін күресте жеңіске жетіп, тағы бір Азия ойындарын медальмен аяқтады.

Нұрқанат Әжіқановтың жүлдесінен кейін Қазақстан құрамасының каратэден осы Азия ойындарындағы медаль саны беске жетті. Бұған дейін Софья Берульцева мен Жоламан Биғабыл Азия ойындарының чемпионы атанса, Әсел Қанай күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Бэлла Самашева қола медаль еншіледі.

Осылайша каратэден Қазақстан құрамасы Жапониядағы құрлықтық додада екі алтын, бір күміс және екі қола медаль жинады.

Бұл туралы не ойлайсыз?