Азия ойындары: Қазақстандық боксшылар қашан рингке шығады?
Жекпе-жек кестесі турнир барысына қарай өзгеруі мүмкін.
Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан боксшыларының алдағы жекпе-жек кестесі белгілі болды.
Ұлттық құрама өкілдері 23-28 қыркүйек аралығында бірнеше салмақ дәрежесінде рингке шығады.
23 қыркүйек
- 80 келі: Сабыржан Аққалықов – Минсон Ким (Оңтүстік Корея)
24 қыркүйек
- 51 келі: Алуа Балқыбекова – Сакши (Үндістан)
- 70 келі: Төрехан Сабырхан – Мохаммед Дбичи (Қатар)
25 қыркүйек
- 54 келі: Назым Қызайбай – Ксуан Жао (Қытай)
- 60 келі: Оразбек Асылқұлов – Лин (Қытай Тайбэйі) мен Жанг (Оңтүстік Корея) жекпе-жегінің жеңімпазы
26 қыркүйек
- 60 келі: Виктория Графеева – Линь Юй-Тинь (Қытай Тайбэйі)
- 55 келі: Махмұд Сабырхан – Мехди Каземи (Иран)
- 90 келі: Нұрбек Оралбай – Ноорж (Ауғанстан)
27 қыркүйек
- +90 келі: Айбек Оралбай – Кошалиев (Қырғызстан) пен Есламов (Түрікменстан) жекпе-жегінің жеңімпазы
- 65 келі: Аида Әбікеева – Таманг (Непал) пен Ли (Қытай) кездесуінің жеңімпазы
28 қыркүйек
- Ширек финал, 75 келі: Наталья Богданова – Азиза Зокирова (Өзбекстан)
Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасында Азия ойындарының медальдары үшін күресін жалғастырып жатыр. Жекпе-жек кестесі турнир барысына қарай өзгеруі мүмкін.
Жарнама
Жарнама