Турки Әл аш-Шейх бокстан кететінін мәлімдеді
Саудиялық ірі инвестор Турки Әл аш-Шейх бокс жекпе-жектерін ұйымдастырудан кетуге ниетті екенін айтты.
Бокстан неге кетпек?
Инвестор бұл мәлімдемесін Лондонда аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуаның жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихатында жасады.
Турки соңғы төрт айда денсаулығы сыр бергенін айтып, қазір боксшылар үшін ғана жұмысын жалғастырып жүргенін жеткізді. Ол өзін "Пока не сыграл в ящик" фильміндегі Джек Николсон мен Морган Фриманның кейіпкерлеріне теңеп, осы кездесуді ұйымдастырғысы келетінін айтты.
Оның сөзінше, 11 желтоқсанға жоспарланған Фьюри – Джошуа айқасынан кейін бокстан кетуі мүмкін. Турки Әл аш-Шейх он жылдан астам уақыттан бері ми ісігімен күресіп келеді.
Фьюридің соңғы жекпе-жегі қалай аяқталды?
Фьюри соңғы ресми кездесуінде шілдеде Мариуш Вахты техникалық нокаутпен жеңген. Британиялық боксшының кәсіпқой рингтегі көрсеткіші – 36 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең нәтиже.
Джошуа рингке соңғы рет қашан шықты?
Джошуа жазда өткен жекпе-жегінде Кристиан Пренганы екінші раундта нокаутқа түсірген.
Оның кәсіпқой мансабында 30 жеңіс пен төрт жеңіліс бар.