Конор Макгрегор келесі жылы октагонға оралады
11.09.2024, 19:30
Биыл UFC-дің бұрынғы чемпионы жекпе-жек өткізбейді.
profc.com.ua
UFC президенті Дана Уайт ирландиялық файтерді тағатсыздана күтіп жүрген жанкүйерлерге осылай жауап берді. Оның айтуынша, Макгрегор жекпе-жек әлеміне тек 2025 жылдың басында оралады.
Бұған дейін аралас жекпе-жектің майталманы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында биыл желтоқсанда октагонға шыққысы келетіні туралы жазба жариялаған еді. Бірақ артынша оны өшіріп тастады.
Айта кетейік, соңғы рет Конор Макгрегор 2021 жылы жекпе-жек өткізді. Дастин Порьеге қарсы кездесуде 36 жастағы файтер аяғын сындырып, жеңілістің ащы дәмін татқан еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама