Жуырда 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпион атанған Ризабек Айтмұхан алдағы жоспарларымен бөлісті.
Даңқты спортшы жеткен жетістігіне тоқмейілсіп қалмай, ары қарай шыңдала беруге әзір. Бір апта демалыстан кейін қайтадан жаттығу жұмыстарына кірісетінін айтады.
Алда әлі бірнеше әлемдік аламан бар. Ал, ең басты мақсатым олимпиаданың алтынын алу, деді әлем чемпионы.
Айта кетейін, еркін күрес шебері кеше Испанияның Понтеведра қаласында өткен әлем біріншілігінен елге оралды. Байрақты бәсекеде ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жеңіс тұғырына көтерілген еді. Ризабек былтыр ересектер арасында да әлем чемпионы атанып, отандық күресте тарихи нәтижеге қол жеткізген еді.