Ұлттық құрама боксшылары салмақ ауыстырды

Редактор Penalty.kz
16.09.2024, 18:27

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов хабарлады. 

olympic.kz

Бокстан Амманда өтетін Азия чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шеберлері Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай басқа салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын болды. Бас бапкердің айтуынша, құрлықтық дода қарсаңында тек Махмұд пен Айбектің ғана емес, біраз боксшының салмағы ауыспақ.  

"Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау болып жатса, 92 келіге түсірерміз.

Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар", - деді бапкер. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Махмұд Сабырхан 57 келіде, Айбек Оралбай 92 келіде жұдырықтасқан еді.