Жеңіліп көрмеген қазақстандық нокаутер тағы бір жетістікке жетті
16.09.2024, 21:46
Қазақстандық былғары қолғап шебері Бек Нұрмағанбет (12-0, 10 КО) Boxrec.com сайтының рейтингінде өз позициясын жақсартты.
nur.kz
Супер орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын отандасымыз түнеугүні америкалық Джошуа Конлимен (17-7-1, 11 КО) қолғап түйістіріп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Соның арқасында Нұрмағанбет BoxRec рейтингінде 21-ші орыннан 20-шы орынға көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, Бек Нұрмағанбет Сауль Алварес - Эдгар Берланга жекпе-жегінің андеркартында сынға түскен болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама