Бокстан ұлттық құрама бапкерлері жасақталды

Редактор Penalty.kz
20.09.2024, 17:12

Жаңарған бапкерлерді Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі таныстырды. 

ru.sputnik.kz

Азия чемпионаты қарсаңында бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды. 

Команданың бапкерлер құрамы: 
1. Қайрат Сәтжан - бас жаттықтырушы
2. ⁠Асқар Еркебаев - аға жаттықтырушы
Жаттықтырушылар:
3. ⁠Ілияс Оралбеков
4. ⁠Нұркен Андасов
5. ⁠Азамат Мақажанов
6. ⁠Талғатбек Жакпеков
7. ⁠Нұржан Насанов 

Бұдан бөлек, командаға Александр Усик, Василий Ломаченко, Теренс Кроуфорд секілді кәсіпқой боксшылармен жұмыс істеген білікті маман, диетолог-нутрициолог Александр Фока көмектесіп жатыр.