Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді
21.09.2024, 18:23
Қазақстандық боксшы бүгін Ирландияда кезекті жекпе-жегін өткізген болатын.
Total.kz
Супер орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз бүгін француз Пьер Юбер Дибомбемен жұдырықтасты. Жекпе-жек барлық 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық спортшының кәсіпқой бой мансабындағы 22-ші жеңісі.
Айта кетейік, бұл – Әли Ахмедовтың осы жылы өткізген үшінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол Карлос Риверо және Энкарнацион Диасты мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама