Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Оскар де ла Хойя Канелоны нокаутқа жібере алатын боксшыны атады

Редактор Penalty.kz
30.09.2024, 16:48

Бұл туралы атақты боксшы Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында айтты. 

Vesti.kz

Алты салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған былғары қолғап шебері, қазір танымал промоутер Оскар де ла Хойя мексикалық Сауль Альваресті (Канело) нокаутқа түсіре алатын боксшының есімін атады.

«Бенавидес Канелоны нокаутқа түсіреді. Ол әр раундта 50-55 соққы жасайтын боксшы. Ал Канело мен Чарло бірінші раундта бір ғана соққы жасады. Егер Сауль оң қолымен жойқын соққы жасай алса, Бенавидес үшін бәрі аяқталады. Дей тұрғанмен жас әрі мықты Бенавидес Канелоны көптеген қиындыққа тап қылады деп сенемін», — деді Оскар де ла Хойя. 

Айта кетейік, Дэвид Бенавидес 26 жаста. Америкалық боксшы 2013 жылдан бері кәсіби рингте өнер көрсетіп келеді. 2017 жылдың қыркүйегінде алғаш рет әлем чемпионы атанып, WBC титулын жеңіп алды. Бірақ кейін есірткі қолданғаны үшін бір жылға спорттан шеттетілді.