Байрақты бәсеке 2-6 қазан күндері Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді.
Қазақстандық 2-6 қазан күндері Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында өтетін әлем біріншілігіне қатысады. Байрақты бәсекеде 67 мемлекеттен келген 574 спортшы кіл мықтыны анықайды.
Бұл жарыста ел намысын18 спортшы қорғайды. Қазақстан жасөспірімдер командасының бас бапкері Ермек Имамбеков балуандардың қай салмақта өнер көрсететінін айтты.
"Әлем чемпионатына екі салмақ бойынша ешкімді әкелгеніміз жоқ. Есесіне, ерлер арасында 60, 66 және 81 келі салмақта жарысқа екі спортшыдан қатыстырамыз. Ал қыздар арасында 48, 52 және 70 келіде қос балуаннан күреседі. Турнирге қатысатын спортшыларды наурыз айында өткен Қазақстан біріншілігі мен халықаралық турнирлер қорытындысы бойынша іріктедік," - деді Имамбеков.