Әбужақынова Абу-Дабидегі Grand Slam жартылай финалына шыға алмады

Редактор Penalty.kz
11.10.2024, 15:52

Ширек финалдық белдесуде ресейлік Марина Воробьевадан жеңіліп қалды. 

Baimedia.kz

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты.

Бұл айналымда отандасымыз ресейлік Марина Воробьеваға қарсы тұрды. Алайда белдесу қарсыластың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды. 

Енді Әбиба татамиге жұбаныш кездесуге шығады. 

Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 келіге дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы бар. Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастаған болатын.