Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында "күміс" алды
31.10.2024, 07:55
Осылайша отандасымыз әлем біріншіліктеріндегі төртінші жүлдесіне қол жеткізді.
Azattyq-ruhy.kz
Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жәмила Бақбергенова күміс медаль иеленді.
72 келіде сынға түскен отандасымыз финалда жапониялық Ами Ишиге 8:6 есебімен жол берді.
Айта кетейік, осылайша Жәмила Бақбергенова үшінші рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. Ол 2021-2022 жылдары әлемдік додада екінші орын иеленсе, 2023 жылы Сербияда қола медальды қанағат тұтқан еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама