Асылхан Көшербай әлем біріншілігінің финалына шықты (ВИДЕО)
31.10.2024, 08:25
Отандасымыз ақтық сында Австралия боксшысымен жұдырықтасады.
youtube.com
АҚШ-та 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Асылхан Көшербай (65 келі) финалға шықты.
Жартылай финалдық кездесуде Асылхан Көшербай украиналық Максим Ниженскийді жеңді.
Финал 2 қараша күні өтеді. Алтын үшін айқаста Асылхан австралиялық былғары қолғап шебері жұдырықтасады.
Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем біріншілігін биыл алғаш рет жаңадан құрылған World Boxing ұйымы ұйымдастырып жатыр. Оған Қазақстаннан төрт боксшы қатысты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама