Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шавқат Рахмонов бала кездегі кумирін атады

Редактор Penalty.kz
03.11.2024, 17:50

UFC жауынгерінің айтуынша, ол ресейлік аралас жекпе-жек шеберінің жанкүйері болған.

youtube.com

Осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер  Шавкат Рахмонов өзінің бала кездегі кумирі кім болғанын айтты. UFC жауынгерінің айтуынша, ол ресейлік аралас жекпе-жек шебері Фёдор Емельяненконың өнеріне қатты қызыққан екен.

«Бала кезде Фёдордың жанкүйері болдым. Оның айқастары маған қатты ұнайтын. Оның жекпе-жегі түсірілген дискілерді алып, барлық шайқастарды көріп отыратынмын. Маған оның өзін ұстауы, шабуылдары, жұмысы ұнайтын», – деді Шавқат YouTube-тегі adam zubayraev арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавқат UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммедпен кездесуі керек еді, алайда Белал денсаулығына байланысты кездесуден бас тартқанын бірнеше күн бұрын мәлімдеді.