17 жастағы қазақ қызы 11 дүркін әлем чемпионы атанды

Редактор Penalty.kz
03.11.2024, 18:50

Қазақтың қаршадай балуан қызы өзінің жетістіктерімен әлемдегі спортсүйер қауымды таңдай қақтырып жатыр. 
 

Smartnews.kz

Қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова Грекиядағы джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, 17 жасында 11 дүркін әлем чемпионы атанды.

24-29 қазан аралығында Ираклионда (Грекия) өткен әлем чемпионатына 56-дан астам елден екі мыңнан астам спортшы қатысты. 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық Жібек Құлымбетова грек, моңғол, БАӘ, француз және израильдік қарсыластарынан қатарынан бес жеңіс алды. Жарыс джиу-джитсудың "не-ваза" түрінен өтті. Онда қарсыласты күреске түсіріп, кездесуді жылдам аяқтау техникасына ерекше мән беріледі.

Қазіргі уақытта Жібек Құлымбетова AJP турнирінің төрт дүркін чемпионы, джиу-джитсудан төрт дүркін әлем чемпионы, грэпплингтен үш дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ бразилиялық джиу-джитсу халықаралық федерациясының (кимоносыз) NO-GI категориясында чемпион саналады.